Байқоңырда «Прогресс М-11М» жүк кемесін ұшыруға дайындау жұмыстары жалғасып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда «Прогресс М-11М» жүк кемесін ұшыруға дайындау жұмыстары жалғасып жатыр

Байқоңырда «Прогресс М-11М» жүк кемесін ұшыруға дайындау жұмыстары жалғасып жатыр

Байқоңырда «Прогресс М-11М» жүк кемесін ұшыруға дайындау жалғасып жатыр.

  • 17 Маусым 2011
  • 465
Фото - Caravan.kz

Ғарыш кешеніндегі ақпарат көзінің айтуынша, «бүгін ғарыш кемесі сынақ-монтаж алаңынан 112-ші алаңға көшірілді, ол жерде «Прогресті» алып ұшатын «Союз-У» зымыраны осы алаңда орналасқан».

Зымыран 18-маусым күні толық жинақталып болады. Сол күні кеште мемлекеттік комиссия отырысы өтіп, техникалық жетекшілердің жүргізілген сынақтар жөніндегі есебі тыңдалады. Содан кейін зымыранды ұшыру кешеніне шығару туралы шешім қабылданады, дейді ол.
Жоспар бойынша зымыран ұшыру кешенінен 19-маусым күні таңертең шығарылмақ.
«Союз-У» зымыраны «Прогресс М-11М» жүк кемесімен бірге 21-маусым күні сағат 18:38-де (мск) ұшырылуы тиіс.
Жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына ХҒС орбитасына қажетті отын, ғарышкерлерге арналған тамақ пен су, ғылыми қондырғылар мен аппараттар жеткізеді.

Соңғы жаңалықтар