Жарияланды: 390

Байқоңырда "Прогресс М-366" жүк кемесінің дербес сынақтары одан әрі жалғасуда

Байқоңыр. 23 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Прогресс М-366" жүк кемесінің дербес сынақтары одан әрі жалғасуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, №254 алаңның монтаж-сынақ корпусында мамандар дербес сынақтар жүргізуде. Халықаралық ғарыш станциясына су жеткізетін "Родник" жүйесінің сынақтарынан кейін "Прогресс М-366" бактарынан Халықаралық ғарыш станциясының отын бактарына жанармай құятын жүйенің тексеруі өткізілді. "Прогресс М-366" жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына екі жарым тонна жүк жеткізуге тиіс. "Прогресс М-366" жүк кемесі "Союз-У" зымыран атсығышының көмегімен 2009 жылғы қарашада ұшырылады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін