Федералдық ғарыш орталығы баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ғарыш айлағының мамандары ұшырылым алдындағы бірінші күнге белгіленген жоспарға сәйкес іске кірісті.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, зымыран тасығыш 8-қыркүйекте 19 сағат 08 минутта ұшырылып, 10-қыркүйекте 20 сағат 49 минутта Халықаралық ғарыш станциясымен түйістіріледі.
«Прогресс М-54» жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясындағы 11-ші экспедиция үшін 2,5 тонна жүк, атап айтсақ, отын компоненттері, жабдықтар, ғылыми зерттеулерге арналған жабдықтар, жылу режимін қамтамасыз ету жүйесіне арналған жабдықтар, борт құжаттары, азық-түлік контейнерлері, су, ауа және сәлемдемелер жеткізеді.
Сонымен бірге айлақтың 200 — алаңында жер орбитасына Канаданың Anik F1R телекоммуникациялық жер серігін алып ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда.
Салмағы 4 тоннаны құрайтын Anik F1R телекоммуникациялық жер серігі Канаданың Telesat Canada корпорациясының тапсырысы бойынша EADS Astrium корпорациясы жасап шығарған. Anik F1R телекоммуникациялық жер серігі Солтүстік Америка аумағында тікелей телехабарларын таратуға арналған.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Бриз-М» үдеткіш блогының көмегімен телекоммуникациялық жер серігін алып ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышы 2005-жылдың 9- қыркүйекте Астана уақытымен 3 сағат 53 минутта аспан кеңістігіне жол тартады деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті