Байқоңырда "Прогресс М-61" жүк кораблінің сынақтары аяқталып, борт жүйелері тексеріліп бітті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда  "Прогресс М-61" жүк кораблінің сынақтары аяқталып,  борт жүйелері тексеріліп бітті

Байқоңырда "Прогресс М-61" жүк кораблінің сынақтары аяқталып, борт жүйелері тексеріліп бітті

БАЙҚОҢЫР. 10-шілде. Kazakhstan Today. Байқоңыр ғарыш айлағында "Прогресс М-61" жүк кораблінің герметикалық қасиетінің сынақтары аяқталып, борт жүйелерінің жұмысы тексеріліп бітті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

  • 10 Шiлде 2007
  • 532
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, №254 алаңның монтаж-сынақ корпусында «Энергия» зымыран-ғарыштық кешеніің мамандары вакуумды камерада «Прогресс М-61» жүк кораблінің герметикалық жағдайын тексерді. Сондай-ақ, электрлі борт жүйелері тексерілді. Осы аптада ғарыш айлағының мамандары жүк кораблінің қозғалтқышына отын құюға дайындайды.

«Прогресс М-61» жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, жабдықтар мен отын, компьютерлік жабдықтарды жеткізуге тиіс.

«Прогресс М-61» жүк кемесі «Союз-У» зымыран тасығышымен 2007-жылдың 2-тамызында Асиана уақытымен 21 сағат 32 минутта ұшырылады деп межеленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті