Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары басталды

Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары басталды

Бүгін, 11-наурызда "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық және оны жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтеді. Федералдық ғарыш орталығынан KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, дайындық жұмыстары мемлекеттік комиссияның ұшырылым туралы шешімінен кейін басталады.

  • 11 Наурыз 2004
  • 418
Фото - Caravan.kz

Жоспар бойынша, зымыран тасығыш W3A ғарыш аппаратымен бірге 12-наурыз, жұмада 81-ші ұшыру алаңына шығарылуы тиіс. Ұшырылым 16-наурызға, Астана уақытымен 5 сағат 6 минутқа белгіленген.

Бұл — «Протон» зымыран тасығышының коммерциялық сипаттағы 2004-жылғы тұңғыш ұшырылымы . Ол Ресейдің «Бриз» блогының көмегімен Еуропалық ғарыш агенттігінің қатысуымен жасалған W3A телекоммуникациялық жер серігін жоғары геостационарлық орбитаға шығару үшін ұшырылады.

Соңғы жаңалықтар