Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен үш бірдей "Глонасс-М" жер серігінің ұшырылымын дайындаудың екінші күнгі кестесі бойынша жұмыстар жүргізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен үш бірдей "Глонасс-М" жер серігінің ұшырылымын дайындаудың екінші күнгі кестесі бойынша жұмыстар жүргізілуде

Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен үш бірдей "Глонасс-М" жер серігінің ұшырылымын дайындаудың екінші күнгі кестесі бойынша жұмыстар жүргізілуде

Байқоңыр. 23 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен үш бірдей "Глонасс-М" жер серігінің ұшырылымын дайындаудың екінші күнгі кестесі бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 23 Қыркүйек 2008
  • 395
Фото - Caravan.kz

Кеше ұшырылым кестесінің бірінші күнінің дайындық жұмыстары аяқталды.

Бүгін ұшырылым кестесінің екінші күнгі дайындықтары басталып, оны жүргізу кезінде зымыран тасығышының жүйесі тексеріліп, «Протон-М» зымыран тасығышының ұшыру дайындығы тексеріліп, зымыранға жанар май құюдың имитациясы жасалады.

Үш бірдей «Глонасс-М» жер серігінің үшінші ұшырылымы ГЛОНАСС ресейлік навигациялық жүйесінің 24 аппараттан тұратын топтамасын толықтыруға тиіс.

Ресейдің навигациялық үш «Глонасс-М» атты жер серігін алып ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышының ұшырылымы 25 қыркүйекке межеленген. Жылдың аяғына дейін алты «Глонасс-М» жер серігін ұшыру жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар