Байқоңырда Қазақстан азаматтары Ресей заңымен жазаланып келген - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Қазақстан азаматтары Ресей заңымен жазаланып келген

Байқоңырда Қазақстан азаматтары Ресей заңымен жазаланып келген

Қазақстанның Конституциялық кеңесі "Байқоңыр" ғарыш айлағын жалға беру туралы құжаттардың Ата Заңымызға қайшы екенін және мемлекеттік суверенитет жайлы нормаларды өрескел бұзатынын айтты. Бұл жайлы ақпар әуелі "Хабар24" телеарнасында жария болды.

  • 9 Ақпан 2018
  • 397
Фото - Caravan.kz

Конституциялық кеңес мүшесі Виктор Малиновскийдің айтуынша, осы уақытқа дейін бірсыпыра заңдар, Қазақстанның суверенитетіне қайшы келетін заң нормалары мен Қазақстан азаматтарының бостандығын шектейтін нормалар қайта қараудан өткен.

"Байқоңыр" ғарыш айлағының аумағында құқықтық тәртіп орнату жөніндегі құқыққорғау органдарының екіжақты келісімдеріне қатысты Қызылорда облыстық сотының бізге жазған шағымына сәйкес, келісімдерді заңсыз деп танимыз.

Себебі бұл келісімшарт бойынша Қазақстан азаматтары тәртіп бұзған жағдайда Ресей Федерациясының заңы бойынша жауапқа тартылып келген.

Біз бұны Қазақстан Республикасының егемендігіне күмән, тұтастығына нұқсан келтіру деп білеміз", — ОКҚ брифингінде сөз алған Малинковский.


Кеңес жұмыс жасап келе жатқан 95-жылдан бері барлығы Конституцияның өрескел бұзылып, өзге елдің заңының тасасында қалып жатқанына қатысты ұзын-ырғасы 190 шағым түскен екен. Олардың денін депутаттар жолдапты. Әрине, біздің депутаттар. 140 нормативтік шешім шығарылған.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында жасалған келісімшартқа сәйкес, "Байқоңыр" ғарыш айлағы 2050-жылға дейін Ресейге жалға берілген. Жалға берілген территорияға ғарыш айлағы мен қала кірген.