Байқоңырда Қазақстанның «KazSat» жер серігіне жанармай құйылды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Қазақстанның «KazSat» жер серігіне жанармай құйылды

Байқоңырда Қазақстанның «KazSat» жер серігіне жанармай құйылды

БАЙҚОҢЫР. 24-мамыр. Kazakhstan Today. Байқоңырда Қазақстанның «KazSat» жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары одан әрі жалғасуда. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне “Байқоңыр” Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

  • 24 Мамыр 2006
  • 454
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін таңертең «KazSat» ғарыштық аппаратына отын мен сұйытылған газ құю шарас ыбасталды. Ал кеше таңертең жер серігі жанармай құю станциясына жеткізіліп, тиісті дайындық жұмыстары жүзеге асырылды.

Ал 22-мамырда № 31 алаңның жанармай құю станциясында көлік және химиялық машина жасау жөніндегі конструкторлық бюроның мамандары ДМ-3 үдеткіш блогына отын мен сұйытылған газ құйды.

Сонымен бірге «KazSat» ғарыштық аппаратының күн батареяларын монтаждау аяқталып, қазір жер серігінің электр қамтамасыздығы жүйелері тексерілуде. Бүгін “Протон-К” зымыран тасығышының дербес сынақтары басталды. Зымыранды басқару жүйесін дербес зерттеуге арналған схема жинақталып, жылулық бақылау жүйесінің кешенді сынақтары жүргізілуде.

“Kazsat” жер серігі 18-маусымда ұшырылады деп межеленген. Ұшыру шарасына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ президенті Владимир Путин қатысады деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта