Атап айтсақ, тараптар Байқоңыр аумағында жұмыс істейтін Қазақстанның мемлекеттік мекемелерінің өкілдіктерінің тізімін ұлғайтуға келісті. Ендігі жерде онда ҚР ҰҚК мен ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өкілдіктері, ҚР қаржы министрлігінің Қазынашылық мекемесі мен Қызылорда облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің бөлімшелері, Қызылорда облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық басқармасының өкілдігі жұмыс істейтін болады.
Тараптардың тиісті мемлекеттік мекемелеріне Байқоңыр қалалық әкімшілігімен бірлесіп функциялар мен құзыретін жүзеге асырудағы ықпалдастық тәртіптерін келісу, сондай-ақ, Байқоңыр аумағында жұмыс істейтін Қазақстанның мемлекеттік мекемелерінің өкілдіктеріндегі адамдар санын келісі ұсынылған.
Сонымен бірге тараптар функциялар мен құзырет аясын келісу барысында Байқоңыр қаласының аумағында жұмс істейтін мемлекеттік мекемелердің тізіміне ҚР әділет министрлігі мен ҚР Жоғарғы сотының жанындағы сот әкімшілігі комитетінің сот үкімін орындатушыларының аумақтық учаскесін енгізу мүмкіндігі бар деп санайды.
Сонымен бірге Қазақстан мен Ресей өкілдері Байқоңырда ҚР білім және ғылым министрлігі, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдіктерін құру мәселесін де қосымша қарастырмақшы.