Жарияланды: 400

Байқоңырда құрлықаралық РС-18 баллистикалық зымыранының ұшырылымы екі сағатқа кейінге шегерілді

Байқоңыр. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда құрлықаралық РС-18 баллистикалық зымыранының ұшырылымы екі сағатқа кейінге шегерілді. Ресейдің стратегиялық мақсаттағы зымыран әскерлерінің мүддесіне арналған құрлықаралық РС-18 баллистикалық зымыраны №175 -ші алаңның шахталық ұшырылым қондырғысынан бүгін Астана уақытымен 13 сағат 40 минутта ұшыру жоспарлаған болатын. Алайда, техникалық себептерге байланысты ұшырылым жасалған жоқ. Егер ол бүгін

жүзеге аспаса, ұшырылым резервтегі күнге қойылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін