Байқоңырда Ресейдің навигациялық үш бірдей "Глонасс-М" жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымға дайындығы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Ресейдің навигациялық үш бірдей "Глонасс-М" жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымға дайындығы басталды

Байқоңырда Ресейдің навигациялық үш бірдей "Глонасс-М" жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымға дайындығы басталды

Байқоңыр. 21 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Ресейдің навигациялық үш "Глонасс-М" жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымға дайындығы басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 21 Қазан 2008
  • 475
Фото - Caravan.kz

Байқоңырдағы В.Бармин атындағы Жалпы машина жасау жөніндегі конструкторлық бюросының сынақтар және пайдалану жөніндегі орталығының мамандары №81 алаңдағы ұшырылым қондырғысы мен ұшырылым құралдарын Ресейдің навигациялық үш «Глонасс-М» атты жер серігін ДМ үдеткіш блогымен қоса 2008 жылдың 25 желтоқсанында алып ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышының ұшырылымына дайындай бастады.

Ресейдің Железногорск қаласындағы «Академик М.Решетнев атындағы ақпараттық жер серіктері жүйесі» ААҚ кәсіпорнында жасалған «Глонасс-М» жер серіктері қараша-желтоқсан айларында жеткізіледі деп күтілуде.

Ғарыш айлағына «Глонасс-М» жер серіктері жеткізілген соң оларды белгіленген кесте бойынша дайындау басталады.

«Глонасс-М» ғарыш аппараты академик М. Решетнев атындағы Ғылыми-өндірістік қолданбалы механика бірлестігінде жасалған және ол ГЛОНАСС ресейлік навигациялық жүйесінің аппараттар топтамасын толықтыруға тиіс.

24 ғарыш аппаратынан құралған топ 2008 жылы толығуға тиіс. Жүйеге шетелдік тұтынушылар 2009 жылы ғана қол жеткізе алады.

ГЛОНАСС жүйесін дамыту Ресей үшін де, Қазақстан үшін де стратегиялық мәнге ие. Ғарыш бағдарламаларының аясында Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының арасында ГЛОНАСС жобасына бірлесе қатысу туралы келісім жасалған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ресейдің навигациялық үш «Глонасс-М» жер серігін «Протон-М» зымыран тасығышы 25 қыркүйекте алып ұшты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар