Байқоңырда "Союз ФГ" зымыран тасығышы GlobalStar ғарыштық аппараттарын алып ұшты - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Союз ФГ" зымыран тасығышы GlobalStar ғарыштық аппараттарын алып ұшты

Байқоңырда "Союз ФГ" зымыран тасығышы GlobalStar ғарыштық аппараттарын алып ұшты

БАЙҚОҢЫР. 30-мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін Байқоңырда Астана уақытымен 2 сағат 31 минутта "Союз ФГ" зымыран тасығышы мен "Фрегат" үдеткіш блогы 4 телекоммуникациялық GlobalStar ғарыштық аппараттарын алып ұшты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Мамыр 2007
  • 427
Фото - Caravan.kz

«Зымыран-тасығыш пен ұшырылым кешенінің ұшырылым алдындағы дайындығы кестеге сәйкес жүзеге асырылды және ұшырылым дәл белгіленген уақытта штатты режимде жүзеге асырылды»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі. Ғарыштық аппараттар алдымен тірек орбитаға, сосын «Фрегат» үдеткіш блогының көмегімен 1400 шақырым шамасындағы есепті орбитаға шығарылды. «Шетелдік жер серігі Ресейдің «Фрегат» үдеткіш блогынан белгіленген мерзімде, 2 сағат 40 минутта бөлінді, ғарыштық аппараттар тапсырыс берушінің басқаруына берілді»,- деді ақпарат көзі.

GlobalStar спутниктік байланыс жүйесі халықаралық телекоммуникациялық компаниялар консорциумы дыбыстық байланыс, қысқа хат қызметі, роуминг, факс байланысы және мәліметтерді жеткізу секілді спутниктік қызметтерді жалпы пайдаланушыларға ұсыну үшін жасалған.

«GlobalStar» спутниктік тобы төменгі орбитада Жер деңгейінен 1414 км биіктікте орналасатын 48 жұмыс және 4 қосымша спутниктен тұрады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті