Байқоңырда "Союз ТМА-13" экипажының ғарышкерлері ұшырылымға қатысушы мемлекеттердің туын көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Союз ТМА-13" экипажының ғарышкерлері ұшырылымға қатысушы мемлекеттердің туын көтерді

Байқоңырда "Союз ТМА-13" экипажының ғарышкерлері ұшырылымға қатысушы мемлекеттердің туын көтерді

Байқоңыр. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін"- Байқоңырда "Союз ТМА-13" экипажының ғарышкерлері ұшырылымға қатысушы мемлекеттердің туын көтерді , деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 1 Қазан 2008
  • 467
Фото - Caravan.kz

Тулардың көтерілуі — ғарышкерлердің ұшырылым дайындықтарының соңғы кезеңінің ресми басталғандығының белгісі.

Салтанат дәстүрлі түрде ғарышкерлер тұратын » Космонавт» мейманханасы жанындағы 17 алаңда өткізілді. Ю. Гагарин атындағы ғарышкерлерді дайындайтын Орталықтың бір топ мамандары мен экипаждың сапқа тұруынан кейін орталық басшысының міндетін атқарушы полковник Юрий Гидзенко мемлекеттік туларды көтеруге бұйрық берді.

«Союз ТМА-13» ғарыш кемесінің негізгі экипажы — Халықаралық ғарыш станциясының бортинженері, «Союз ТМА-13» командирі — Юрий Лончаков (Ресей Федерациясы), ХҒС командирі, «Союз ТМА-13» бортинженері — Эдвард Майкл Финк (АҚШ), ғарыштық ұшырылымның қатысушысы — Ричард Гэрриот (АҚШ), сондай-ақ, дублерлер — Геннадий Падалка (Ресей), Майкл Баррет (АҚШ), Ник Халик (Австралия) ту туғырына Ресей, АҚШ және Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін қадады.

Сосын қысқа жиын өтті. Негізгі және дублерлік экипажды Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары Анатолий Петренко, «Байқоңыр» ғарыш айлағының басшысының орынбасары полковник Александр Савицкий және басқа да ресми тұлғалар ғарышкерлерге Байқоңыр жерінде дайындық жұмыстарын ойдағыдай өткізіп, Халықаралық ғарыш станциясы бортында жемісті жұмыс атқарып, жерге аман- есен оралуына тілектестік білдірді.

Баспасөз мәслихатында ғарышкерлер журналистердің сауалдарына жауап берді.

Баспасөз мәслихаты аяқталғаннан кейін экипаж ғарышкерлері жаттығу жұмыстарын жалғастырып, борт құжаттарымен жұмыс істеуге кетті.

Ұшырылым алдында дайындық жоспары бойынша келесі аптада экипаж «Союз ТМА-13» кемесін қабылдап, қорытынды жаттығуларды түсірілетін аппаратта жасайтын болады. 11 қазанда мемлекеттік комиссияның кеңесі өтіп, онда ұшырылымға дайындалған негізгі және қосалқы экипаждың құрамы бекітіледі.

Ғарышкерлер экипажының 18 экспедициясын «Союз ТМА-13» пилотты ғарыш кемесімен ғарыш айлағының №1 ұшыру алаңынан Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру 2008 жылдың 12 қазанына Астана уақытымен 13.01-ге белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар