Жарияланды: 580

Байқоңырда "Союз ТМА-13" ғарыш кемесі ұшырылымға дайындалуда

Байқоңыр. 6 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына ғарышкерлерді ұшыруға арналған "Союз ТМА-13" ғарыш кемесін авторлық тексеру басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 5 қазан, жексенбіде "Энергия" зымыран-ғарыштық кешенінің мамандары "Союз ТМА-13" ғарыш кемесін авторлық тексеруден өткізді. Тексеруден кейін мамандар корабльге бас обтекательді жеткізеді. Ұшырылым алдындағы дайындық жұмыстарының кестесіне сәйкес, 7 қазанда ғарышкерлер экипаждары "Союз ТМА-13" пилотты ғарыш кемесінің түсірілетін аппаратында екінші жаттығуларды жүргізеді, бұдан кейін ғарыш кемесі №112 алаңның монтаж-сынақ корпусына "Союз-ФГ" зымыран тасығышымен жалпы түйістіруге жіберіледі. "Союз ТМА-13" ғарыш кемесінің негізгі экипажы - Халықаралық ғарыш станциясының бортинженері, "Союз ТМА-13" командирі - Юрий Лончаков (Ресей Федерациясы), ХҒС командирі, "Союз ТМА-13" бортинженері - Эдвард Майкл Финк (АҚШ), ғарыштық ұшырылымның қатысушысы - Ричард Гэрриот (АҚШ), сондай-ақ, дублерлер - Геннадий Падалка (Ресей), Майкл Баррет (АҚШ), Ник Халик (Австралия) бар. Ғарышкерлер экипажының 18 экспедициясын "Союз ТМА-13" пилотты ғарыш кемесімен ғарыш айлағының №1 ұшыру алаңынан Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру 2008 жылдың 12 қазанына Астана уақытымен 13.01-ге белгіленген. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін