Байқоңырда "Союз ТМА-13" ғарыш кемесі ұшырылымға дайындалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Союз ТМА-13" ғарыш кемесі ұшырылымға дайындалуда

Байқоңырда "Союз ТМА-13" ғарыш кемесі ұшырылымға дайындалуда

Байқоңыр. 6 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына ғарышкерлерді ұшыруға арналған "Союз ТМА-13" ғарыш кемесін авторлық тексеру басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

  • 6 Қазан 2008
  • 564
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 5 қазан, жексенбіде «Энергия» зымыран-ғарыштық кешенінің мамандары «Союз ТМА-13» ғарыш кемесін авторлық тексеруден өткізді.

Тексеруден кейін мамандар корабльге бас обтекательді жеткізеді.

Ұшырылым алдындағы дайындық жұмыстарының кестесіне сәйкес, 7 қазанда ғарышкерлер экипаждары «Союз ТМА-13» пилотты ғарыш кемесінің түсірілетін аппаратында екінші жаттығуларды жүргізеді, бұдан кейін ғарыш кемесі №112 алаңның монтаж-сынақ корпусына «Союз-ФГ» зымыран тасығышымен жалпы түйістіруге жіберіледі.

«Союз ТМА-13» ғарыш кемесінің негізгі экипажы — Халықаралық ғарыш станциясының бортинженері, «Союз ТМА-13» командирі — Юрий Лончаков (Ресей Федерациясы), ХҒС командирі, «Союз ТМА-13» бортинженері — Эдвард Майкл Финк (АҚШ), ғарыштық ұшырылымның қатысушысы — Ричард Гэрриот (АҚШ), сондай-ақ, дублерлер — Геннадий Падалка (Ресей), Майкл Баррет (АҚШ), Ник Халик (Австралия) бар.

Ғарышкерлер экипажының 18 экспедициясын «Союз ТМА-13» пилотты ғарыш кемесімен ғарыш айлағының №1 ұшыру алаңынан Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру 2008 жылдың 12 қазанына Астана уақытымен 13.01-ге белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар