Байқоңырда "Союз ТМА-13" ғарыш кемесіне жанармай құю басталды
Байқоңыр. 3 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Союз ТМА-13" ғарыш кемесіне жанармай құю басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып. |
Бүгін №31 алаңның жанармай құю станциясында ауыр химиялық машина құрылысының мамандары ғарыш кемесінің қозғалтқыштарына жанармай құюға кірісті. Ол екі күн жалғасады. Ол аяқталған соң ғарыш кемесі "Союз-ФГ" зымыран тасығышымен түйістіруге дайындайтын қорытынды операцияларды өткізу үшін монтаж-сынақ корпусына жеткізіледі.
Сондай-ақ, келесі аптада ғарышкерлер экипаждарын жерге түсетін аппаратта жасалатын соңғы жаттығуларын өткізу жоспарланып отыр.
"Союз ТМА-13" пилотты ғарыш кемесін №1 ұшыру алаңынан Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру 2008 жылдың 12 қазанына Астана уақытымен 13.01-ге белгіленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін