Байқоңырда "Союз ТМА-13" ғарыш кемесіне жанармай құю басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Союз ТМА-13" ғарыш кемесіне жанармай құю басталды

Байқоңырда "Союз ТМА-13" ғарыш кемесіне жанармай құю басталды

Байқоңыр. 3 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Союз ТМА-13" ғарыш кемесіне жанармай құю басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

  • 3 Қазан 2008
  • 343
Фото - Caravan.kz

Бүгін №31 алаңның жанармай құю станциясында ауыр химиялық машина құрылысының мамандары ғарыш кемесінің қозғалтқыштарына жанармай құюға кірісті. Ол екі күн жалғасады. Ол аяқталған соң ғарыш кемесі «Союз-ФГ» зымыран тасығышымен түйістіруге дайындайтын қорытынды операцияларды өткізу үшін монтаж-сынақ корпусына жеткізіледі.

Сондай-ақ, келесі аптада ғарышкерлер экипаждарын жерге түсетін аппаратта жасалатын соңғы жаттығуларын өткізу жоспарланып отыр.

«Союз ТМА-13» пилотты ғарыш кемесін №1 ұшыру алаңынан Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру 2008 жылдың 12 қазанына Астана уақытымен 13.01-ге белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар