Байқоңырда "Союз ТМА-13" ғарыш кемесінің экипажы ғарышкерлерінің БАҚ үшін ашық жаттығулары өткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Союз ТМА-13" ғарыш кемесінің экипажы ғарышкерлерінің БАҚ үшін ашық жаттығулары өткізілді

Байқоңырда "Союз ТМА-13" ғарыш кемесінің экипажы ғарышкерлерінің БАҚ үшін ашық жаттығулары өткізілді

Байқоңыр. 8 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Союз ТМА-13" ғарыш кемесінің экипажы ғарышкерлерінің БАҚ үшін ашық жаттығулары өткізілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 8 Қазан 2008
  • 609
Фото - Caravan.kz

Бүгін ғарышерлер тұрып жатқан және олардың жаттығулары өтіп жатқан «Космонавт» қонақүйінде экипаждардың қатысуымен баспасөз үшін ашық жаттығулар өткізілді. Дайындық жоспарына сәйкес, «Союз ТМА-13» ғарыш кемесінің негізгі экипажы — Халықаралық ғарыш станциясының бортинженері, «Союз ТМА-13» командирі — Юрий Лончаков (Ресей Федерациясы), ХҒС командирі, «Союз ТМА-13» бортинженері — Эдвард Майкл Финк (АҚШ), ғарыштық ұшырылымның қатысушысы — Ричард Гэрриот (АҚШ), сондай-ақ, дублерлер — Геннадий Падалка (Ресей), Майкл Баррет (АҚШ), Ник Халик (Австралия) түрлі теориялық және тәжірибелік тапсырмаларды орындады.

Бағдарламаның таңертеңгі бөліміне сәйкес, экипаждар денешынықтыру жаттығулары мен таңертеңгі тамақтан кейін «Союз ТМА-12» пилотты ғарыш кемесінің борт құжаттарына қатысты сабақтар өткізіп, компьютерлік тренажерде ғарыштық корабльде маневрлер өткізуге машықтанды.

Сонымен қатар, ғарышкерлер вестибулярлық аппаратта және ортостол мен вестибулярлық орындықта гемодинаминкалық жаттығулар өткізді. Ашық жаттығулардан кейін экипаждар күнделікті жоспар бойынша дайындыққа кірісті.

Сосын негізгі экипаждың ғарышкерлері Майкл Финк пен Ричард Гэрриот ұшу алдында орындау қабылданған ғарышкерлердің ең ежелгі дәстүрлерінің бірі — ағаш отырғызуға қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар