Байқоңырда "Союз ТМА-13" ғарыш кораблі сынақтардан өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Союз ТМА-13" ғарыш кораблі сынақтардан өтуде

Байқоңырда "Союз ТМА-13" ғарыш кораблі сынақтардан өтуде

Байқоңыр. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Халықарлық ғарыш станциясына 2008 жылдың қазан айында ғарышкерлер экипажын ұшыруға арналған "Союз ТМА-13" ғарыш кораблі сынақтардан өтуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 18 Қыркүйек 2008
  • 473
Фото - Caravan.kz

С.П. Королев атындағы «Энергия» ғарыштық-зымыран орталығы мен Федералдық «Байқоңыр» ғарыштық орталығының мамандары № 254 алаңның монтаждау-сынақ корпусында ғарыш кемесін вакуум-камерада тексеруде.

Онда кеменің герметикалық қасиеттері мен корпусы тексереді.

Бұдан кейін «Союз ТМА-13» пилотты ғарыш кораблі тексерулерді одан әрі жалғастыру үшін стендке орнатылады.

Халықарлық ғарыш станциясына ғарышкерлер экипажын жеткізетін «Союз ТМА-13» ғарыш кораблі 2008 жылдың 12 қазанында ұшырылады.

Қазір Жұлдыздар қалашығында 18-ші негізгі экспедицияның негізгі экипажы ғарыштық сапарға дайындалуда. Экипаж құрамында Ресей ғарышкері Юрий Лончаков, американдық астронавт Эдвард Майкл Финк пен ғарыштық турист, 15-ші экспедицияның ғарышкері, АҚШ азаматы Ричард Гэрриот бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар