Байқоңырда "Союз ТМА-13" пилотты ғарыш кемесін Халықаралық ғарыш станциясына баратын 18-ші экспедицияның жаттығуларына дайындауда - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Союз ТМА-13" пилотты ғарыш кемесін Халықаралық ғарыш станциясына баратын 18-ші экспедицияның жаттығуларына дайындауда

Байқоңырда "Союз ТМА-13" пилотты ғарыш кемесін Халықаралық ғарыш станциясына баратын 18-ші экспедицияның жаттығуларына дайындауда

Байқоңыр. 26 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Союз ТМА-13" пилотты ғарыш кемесін Халықаралық ғарыш станциясына баратын 18-ші экспедицияның жаттығуларына дайындауда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

  • 26 Қыркүйек 2008
  • 390
Фото - Caravan.kz

С.П. Королев атындағы «Энергия» ғарыштық-зымыран орталығы мен Федералдық «Байқоңыр» ғарыштық орталығының мамандары № 254 алаңның монтаждау-сынақ корпусында ғарыш кемесін 21 қыркүйекте жаңғырықсыз камерада сынап көрді.

Ғарыш мамандары дайындық жұмыстарының кестесіне сәйкес, «Союз ТМА-13» пилоттық ғарыш кемесін вакуум-камерадан ғарышкерлердің жаттығулары өтетін стендке орнатып, оны келесі аптаның басына межеленген жаттығуларға дайындауға кірісті.

Негізгі және қосалқы экипаждар ұшу алдындағы дайындықтардың ақырғы кезеңінен өту үшін Байқоңыр ғарыш айлағына 29 қыркүйекте келуге тиіс, олар кемеде екі жаттығу өткізген соң кеме ұшырылым үшін қабылдап алынады.

Халықаралық ғарыш станциясына баратын 18 экспедицияның негізгі экипажының құрамында Ресей ғарышкері Юрий Лончаков, американдық астронавт Эдвард Майкл Финк пен ғарыштық турист, 15-ші экспедицияның ғарышкері, АҚШ азаматы Ричард Гэрриот бар.

«Союз ТМА-13» пилотты ғарыш кемесі экипажымен бірге Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру үстіміздегі жылдың 12 қазанына межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар