Байқоңырда "Союз ТМА-13" пилотты корабліне жанармай құюға дайындауда
Байқоңыр. 2 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына аттанатын 18-ші экспедицияны ұшыруға арналған "Союз ТМА-13" пилотты корабліне жанармай құюға дайындауда, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап. |
"Союз ТМА-13" пилотты ғарыш кемесін №1 ұшыру алаңынан Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру 2008 жылдың 12 қазанына Астана уақытымен 13.01-ге белгіленген.
№254 алаңның монтаж-сынақ корпусында С.Королев атындағы "Энергия" зымыран-ғарыштық корпорацисының, Федералдық "Байқоңыр" ғарыш орталығының мамандары ғарышкерлер корабльдің түсірілетін аппаратында жатығулар жүргізгеннен кейін "Союз ТМА-13" ғарыш кемесін қозғалтқышына жанарй құю үшін №31 алаңдағы техникалық жанармвай құю станциясына тасымалдауға дайындай бастады. Айлақ мамандары корабльді тасымалдаушыға тией бастады.
Жанармай құйылғаннан кейін ғарыш кемесі монтаж-сынақ корпусына қайтарылады. Онда келесі аптада ғарышкерлерлің екінші жаттығуы өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін