Байқоңырда "Союз ТМА-9" ғарыш кемесін ұшыруға дайындық жұмыстарының ақырғы кезеңі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Союз ТМА-9" ғарыш кемесін ұшыруға  дайындық жұмыстарының ақырғы кезеңі басталды

Байқоңырда "Союз ТМА-9" ғарыш кемесін ұшыруға дайындық жұмыстарының ақырғы кезеңі басталды

БАЙҚОҢЫР. 12-қыркүйек. Kazakhstan Today. Байқоңырда "Союз ТМА-9" ғарыш кемесін ұшыруға дайындық жұмыстарының ақырғы кезеңі басталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Қыркүйек 2006
  • 365
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін 254-алаңда ғарыш айлағының мамандары кемені тексеріп шығып, бас обтекательді сынады. Обтекательді ғарыш кемесімен түйістіруге бағытталған техникалық шарадан кейін кеменің бас бөлігінің электр жүйелерінің жұмысы тексерілді.

Ұшу алдындағы дайындық жоспарына сәйкес, 15-қыркүйекте зымыран тасығыш пен ғарыш кемесі құрастырылып, 16-қыркүйекте «Союз-ФГ» зымыран тасығышы ғарыш кемесімен бірге №1 алаңға шығарылады.

Негізгі экипаж құрамындағы Ресей ғарышкері Михаил Тюрин, АҚШ астронавты Майкл Лопес-Алегриа, тұңғыш әйел-турист, Иран текті АҚШ азаматшасы Анюша Ансариді Халықаралық ғарыш станциясына жеткізетін «Союз ТМА-9» пилотты ғарыш кемесі Байқоңырдан 18-қыркүйекте Астана уақытымен 10 сағат 09 минутта ұшырылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта