Байқоңырда "Союз ТМА-9" ғарыш кемесін ұшыруға қажетті қондырғыны дайындау жұмыстары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Союз ТМА-9" ғарыш кемесін ұшыруға қажетті қондырғыны дайындау жұмыстары басталды

Байқоңырда "Союз ТМА-9" ғарыш кемесін ұшыруға қажетті қондырғыны дайындау жұмыстары басталды

МӘСКЕУ. 29-тамыз. Kazakhstan Today. Байқоңырдағы №1 алаңда "Союз ТМА-9" пилотты ғарыш кемесі мен "Союз-ФГ" зымыран тасығышын ұшыруға қажетті ұшырылым қондырғысын дайындау жұмыстары басталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Федералдық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 29 Тамыз 2006
  • 433
Фото - Caravan.kz

Жалпы машина жасау жөніндегі конструкторлық бюро мен «Байқоңыр» Федералдық ғарыш орталығының күштері жабдықтарды тексеріп, кестеге сәйкес басқа да жұмыстарды жүзеге асырады.

«Союз ТМА-9» пилотты ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына негізгі 14-экспедицияның экипажы — Михаил Тюрин мен Майкл Лопес-Алегрианы және Иран текті АҚШ -тың әйел — ғарышкері Ануше Ансариді жеткізеді. Ол Халықаралық ғарыш станциясында 11-экспедицияның бағдарламасына сәйкес қысқа мерзімді сапармен болып қайтады.

Зымыран қыркүйектің ортасында ұшырылады деп межеленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта