Байқоңырда "Союз-У" зымыран тасығышы ұшыру алаңына шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Союз-У" зымыран тасығышы ұшыру алаңына шығарылды

Байқоңырда "Союз-У" зымыран тасығышы ұшыру алаңына шығарылды

БАЙҚОҢЫР. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today. Байқоңыр ғарыш айлағында "Союз-У" зымыран тасығышы ұшыру алаңына шығарылды. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігіне "Байқоңыр" Федералды ғарыш орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Қыркүйек 2006
  • 495
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне қарағанда, «Союз У» зымыран тасығышы «Космос» ғарыш аппаратымен бірге 31 -ші ұшыру алаңына жеткізілді. Зымыран тасығыш іске қосу қондырғысына орнатылып, айлақ қызметкерлері ұшыру жұмыстарының алғашқы кестесі бойынша жұмысқа кірісті. Әуелі ұшыру кешенінің аппараттары және жердегі қондырғылар тексірілді, сонымен қатар борт аппаратурасы зымыранның ұшуын қайталау арқылы басты сынақтан өткізілді.

«Космос» ғарыш аппаратымен «Союз-У» зымыран тасығышын 31 алаңнан ұшыру 14 қыркүйек күні кешкі уақытқа жоспарланған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта