Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін «Космос» ғарыштық аппараты мен «Союз-У» зымыран тасығышы құрастырыла бастады. Сонымен бірге Астана уақыты бойынша 17 сағатта Байқоңырда мемлекеттік комиссияның отырысы өтіп, онда «Союз-У» зымыран тасығышын ғарыш айлағының №31 алаңының ұшыру кешеніне тасымалдауға және оны ұшыруға дайындық жұмыстарына қатысты шешім қабылданады. «Союз-У» зымыран тастығышы 2-қыркүйекте 15 сағат 59 минутта ұшырылады.