Байқоңырда "Союз-У" зымыран тасығышының көмегімен "Прогресс М-01М" жүк тасымалдаушы кемесі ұшырылатын күн - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Союз-У" зымыран тасығышының көмегімен "Прогресс М-01М" жүк тасымалдаушы кемесі ұшырылатын күн

Байқоңырда "Союз-У" зымыран тасығышының көмегімен "Прогресс М-01М" жүк тасымалдаушы кемесі ұшырылатын күн

Байқоңыр. 26 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Союз-У" зымыран тасығышының көмегімен "Прогресс М-01М" жүк тасымалдаушы кемесін бүгін ұшыратын күн, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 26 Қараша 2008
  • 535
Фото - Caravan.kz

Бүгін №1 алаңның ұшырылым кешенінде 8 қарашада ұшырылым «үстеліне» тік күйінде орнатылған «Прогресс-М-01М» жүк кемесі мен «Союз-У» зымыран тасығышының ұшырылымға дайындық операциялары аяқталады.

Ғарыш саласындағы кәсіпорындардың мамандары ұшырылым күнінің кестесі бойынша жұмыс істеуде. Бүгін «Союз-У» зымыран тасығышын жанармаймен толтыру жұмыстары жүргізіледі.

Ғарыштық зымыранға отын құю жөніндегі шешімді мемлекеттік комиссия бүгін түстен кейін өтетін жиналыста шығаратын болады. Мемлекеттік комиссия мүшелері мен техникалық жетекшілер ғарыштық ұшырылымға арналған зымыранның дайындығын, ұшырылым қондырғысы, сондай-ақ «Протон-М-01М» жүк кемесі мен»Союз-У» зымыран тасығышының ұшырылымына қатысы бар басқа да ғарыш айлағындағы инфрақұрылым нысандарына байланысты қорытынды шығарады.

«Прогресс М-01М» жүк кемесі «Союз-У»зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 26 қарашасында Астана уақытымен 18 сағат 38 минутта Байқоңыр ғарыш айлағының №1 алаңының №5 ұшырылым қондырғысынан ұшырылады деп жоспарланған.

«Прогресс М-01М» жаңа, төрт жүзінше сериялы «Прогресске» жатады. Бұл осы серияның алғашқы ұшырылымы. Корабльде заманауи сандық есептегіш машина ЦВМ-101 мен сандық шағын көлемді ақпараттық телеметриялық жүйе орнатылған.

«Прогресс М-01М» жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына 2,5 тонна жүк: азық-түлік, отын мен ғылыми жабдықтар жеткізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар