Байқоңырда "Союз-У" зымыран тасығышының көмегімен "Прогресс М-01М" жүк тасымалдаушы кемесінің ұшырылымын дайындаудың екінші күнгі кестесі бойынша жұмыстар жүргізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Союз-У" зымыран тасығышының көмегімен "Прогресс М-01М" жүк тасымалдаушы кемесінің ұшырылымын дайындаудың екінші күнгі кестесі бойынша жұмыстар жүргізілуде

Байқоңырда "Союз-У" зымыран тасығышының көмегімен "Прогресс М-01М" жүк тасымалдаушы кемесінің ұшырылымын дайындаудың екінші күнгі кестесі бойынша жұмыстар жүргізілуде

Байқоңыр. 25 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Союз-У" зымыран тасығышының көмегімен "Прогресс М-01М" жүк тасымалдаушы кемесінің ұшырылымын дайындаудың екінші күнгі кестесі бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 25 Қараша 2008
  • 436
Фото - Caravan.kz

Кеше ұшырылым кестесінің бірінші күнінің дайындық жұмыстары аяқталып, жер үсті кешені зымыранмен түйістіріліп, зымыранның ұшырылым сәтінен бастап ғарыш кемесінен бөлінуіне дейінгі ұшу циклогроммасы жасалды.

Бүгін ұшырылым кестесінің екінші күнгі дайындықтары басталып, оны жүргізу кезінде зымыран тасығышының жүйесі тексеріліп, «Союз-У» зымыран тасығышының ұшыру дайындығы тексеріліп, зымыранға жанар май құюдың имитациясы жасалады.

«Прогресс М-01М» жаңа, төрт жүзінше сериялы «Прогресске» жатады. Корабльде заманауи сандық есептегіш машина ЦВМ-101 мен сандық шағын көлемді ақпараттық телеметриялық жүйе орнатылған.

«Прогресс М-01М» жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына 2,5 тонна жүк: азық-түлік, отын мен ғылыми жабдықтар жеткізеді.

«Прогресс М-01М» жүк кемесі «Союз-У»зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 26 қарашасында Астана уақытымен 18 сағат 38 минутта ұшырылады деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар