Байқоңырда Venus Express атты ғаламшараралық зондты ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Venus Express атты ғаламшараралық зондты ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде

Байқоңырда Venus Express атты ғаламшараралық зондты ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде

Байқоңырда Еуропаның Venus Express атты ғаламшараралық зондын ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі "Роскосмос" Федералдық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 16 Қыркүйек 2005
  • 591
Фото - Caravan.kz



Агенттік ақпаратына сәйкес, бүгін, 16-қыркүйекте №31 алаңда «Байқоңыр» Федералдық ғарыштық орталығы мен Байқоңырдағы транспорттық-химиялық машина жасау , сынақтан өткізу және пайдалану жөніндегі орталығының мамандары «Фрегат» үдеткіш блогына жанармай құятын станцияны дайындай бастады. «Союз-ФГ» зымыран тасығышы мен «Фрегат» үдеткіш блогы ғаламшараралық зондты ғарышқа шығарады.
«Фрегат» үдеткіш блогы ғарыш айлағына қыркүйектің үшінгі онкүндігінде жеткізіледі, ал оған жанармай құю қазан айының басына межеленген.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Venus Express ғарыш аппараты Венераға жіберілетін ғарыштық зонд болып табылады. Венера ғаламшарын зерттеу жөніндегі бұл жоба туралы ұсыныс 2001-жылы жасалған. Ол Еуропалық ғарыш агенттігінің ғылыми бағдарламасына 2002-жылы енгізілді.
Аппараттың өзі 2003-жылы Марсқа жіберілген Mars Express зондының үлгісі бойынша жобаланған. Venus Express жобасы Венераның атмосферасын зерттеу мақсатын көздейді.
Venus Express аппараты «Союз-ФГ» зымыран тасығышы мен «Фрегат» үдеткіш блогының көмегімен айлақтың №31 алаңынан 2005-жылдың 26- қазанында ұшырылады деп межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта