Байқоңырда "Зенит-2М" зымыран-тасығышының сынақтары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Зенит-2М" зымыран-тасығышының сынақтары басталды

Байқоңырда "Зенит-2М" зымыран-тасығышының сынақтары басталды

БАЙҚОҢЫР. 20-желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағында "Зенит-2М" зымыран-тасығышының сынақтары басталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығы баспасөз қызметі хабарлады.

  • 20 Желтоқсан 2006
  • 379
Фото - Caravan.kz

«Бүгін 43-алаңның монтаж-сынақ корпусынан «Зенит-2М» зымыран-тасығышын шығару шарасы жүзеге асырылды. Зымыран модернизацияланған ұшырылым кешенінің жабдықтарын тексеру үшін 45-алаңдағы ұшырылым қондырғысына орнатылды. Бұл ұшырылым «Жер үсті ұшырылымы» атты бағдарлама аясында жүзеге асырылады. Оның барысында зымыранға жанармай құюдан бастап ұшырылым алдындағы дайындықтар толық іске асырылады»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сынақтардан кейін зымыран ұшырылым кешенінен алынып, ұшырылымға тікелей дайындау үшін монтаждау корпусына жіберіледі.

«Жер үсті ұшырылымы» бағдарламасы аясында Ресейдің «Космос» аппараты мен «Зенит-2М» зымыран-тасығышының алғашқы ұшырылымы 2007-жылдың қаңтар айына межеленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта