Байқоңырда жаңа православиелік шіркеу ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда жаңа православиелік шіркеу ашылды

Байқоңырда жаңа православиелік шіркеу ашылды

Бүгін, 1-маусымда Байқоңырда Жеңімпаз Георгий әулиенің атындағы православиелік шіркеудің дінбасы арнаулы жосын-жоралғыға сәйкес жаңа ғимаратты ашты,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Маусым 2005
  • 512
Фото - Caravan.kz

Шіркеу ғимаратын салуға жұртшылық жаппай жұмылды. Ол үшін қалада «Возрождение» атты арнаулы қор құрылып, онда жеке тұлғалар, Федералдық ғарыш орталығы, «Энергия» ғарыштық-зымыран корпорациясы, «Инфрастрой» АҚҚ, «Водоканал» және басқа да кәсіпорындардан жиналған құрмалдықтар шоғырланды.

Байқоңырдағы бұл шіркеу 10 жыл бойы бұрынғы спорт тауарларының дүкені ғимаратында орын тепті. Арнаулы әдебиеттер жиналған кітапхана мен жексембілік мектеп те осы жерде болды. Қала тұрғындарының пікірінше, Жеңімпаз Георгий әулиенің атындағы жаңа православиелік шіркеу Байқоңырдағы сәулет өнерінің көрнекті үлгісіне айналмақ.
KZ-today тілшісіне қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, қазір Бақоңырда евангелиелік шіркеу жұмыс істесе, қала іргесіндегі Төретам ауылында мұсылман мешіті бар. Алдағы уақытта Байқоңырдың өзінде тағы бір мешіт ашу көзделіп отыр.

Перейти к новостям спорта