Байқоңырда Жапонияның жер серіктерін ұшыруға дайындық жұмыстары аяқталып келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Жапонияның жер серіктерін ұшыруға дайындық жұмыстары аяқталып келеді

Байқоңырда Жапонияның жер серіктерін ұшыруға дайындық жұмыстары аяқталып келеді

Байқоңырда Жапонияның JAXA аэроғарыштық зерттеулер агенттігінің OICETS және INDEX деп аталатын эксперименттік екі жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары аяқталып келеді. Бұл туралы "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 22 Тамыз 2005
  • 364
Фото - Caravan.kz

Бүгін, 22-тамызда №109 алаңның шахталық ұшырылым қондырғысында ғарыштық аппараттарды жер орбитасына жеткізетін конверсиялық «Днепр» зымыран тасығышын ұшыруға ақырғы дайындық шаралары жүзеге асырылуда.

Ертең мемлекеттік комиссияның отырысы өтіп, ол «Днепр» зымыран тасығышы мен ғарыштық жер үсті инфрақұрылымдарының ұшырылымға дайындығын қорытындылайды. Зымыран тасығыш 24-тамызда Астана уақытымен 3 сағат 10 минутта ұшырылады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Днепр» зымыран тасығышының көмегімен 2005-жылдың маусым-қараша айларында Жапонияның OICETS және INDEX ғарыштық аппараттарын ұшыру туралы осы елдің JAXA аэроғарыштық зерттеулер агенттігі мен «Космотрас» Халықаралық ғарыштық корпорациясымен арадағы келісім-шартын Роскосмос 2005-жылдың сәуір айында мақұлдаған.

Перейти к новостям спорта