Байқоңырда желтоқсан айында ұшырылатын үш бірдей "Глонасс-М" жер серігінің біріншісін ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда желтоқсан айында ұшырылатын үш бірдей "Глонасс-М" жер серігінің біріншісін ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде

Байқоңырда желтоқсан айында ұшырылатын үш бірдей "Глонасс-М" жер серігінің біріншісін ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде

Байқоңыр. 24 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда желтоқсан айында ұшырылатын үш бірдей "Глонасс-М" жер серігінің біріншісін ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 25 Қараша 2008
  • 369
Фото - Caravan.kz

«Глонасс-М» ғарыштық аппараты 18 қарашада «Юбилейный» әуежайына жүк ұшағымен жеткізілді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Байқоңырдағы В.Бармин атындағы Жалпы машина жасау жөніндегі конструкторлық бюросының сынақтар және пайдалану жөніндегі орталығының мамандары №81 алаңдағы ұшырылым қондырғысы мен ұшырылым құралдарын Ресейдің навигациялық үш «Глонасс-М» атты жер серігін ДМ үдеткіш блогымен қоса 2008 жылдың 25 желтоқсанында алып ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышының ұшырылымына дайындай бастады.

Ғарыш айлағына «Глонасс-М» жер серіктері жеткізілген соң оларды белгіленген кесте бойынша дайындау басталады.

«Глонасс-М» ғарыш аппараты Ресейдің Железногорск қаласындағы академик М. Решетнев атындағы Ғылыми-өндірістік қолданбалы механика бірлестігінде жасалған және ол ГЛОНАСС ресейлік навигациялық жүйесінің аппараттар топтамасын толықтыруға тиіс.

24 ғарыш аппаратынан құралған топ 2008 жылы толығуға тиіс. Жүйеге шетелдік тұтынушылар 2009 жылы ғана қол жеткізе алады.

ГЛОНАСС жүйесін дамыту Ресей үшін де, Қазақстан үшін де стратегиялық мәнге ие. Ғарыш бағдарламаларының аясында Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының арасында ГЛОНАСС жобасына бірлесе қатысу туралы келісім жасалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар