Байқоңырдағы жағдай қалыптан ауытқыған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдағы жағдай қалыптан ауытқыған жоқ

Байқоңырдағы жағдай қалыптан ауытқыған жоқ

Байқоңырда бәрі тып-тыныш. Мұндағы ахуал қалыптағыдан ауытқыған жоқ. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында 7 маусым күні Байқоңыр ғарыш айлағындағы жаппай тәртіпсіздік орын алғаны туралы жарияланып кеткен қауесетті жоққа шығарған Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр кешеніндегі ішкі істер бөлімінің бастығы Олег Слепенчук бүгін осылай деп мәлімдеді.

  • 13 Маусым 2011
  • 421
Фото - Caravan.kz

Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағындағы тәртіпке жауап беретін ведомствоның басшысы ахуалды былай баяндады:

Бұқаралық ақпарат құралдарында жазылғандай, Байқоңыр қаласында әлдеқандай қаскөй топтардың жаппай талқандау істеріне кірісіп, өздерін жөнге салмақшы болған құқық қорғау органдары қызметкерлерін соққыға жыққан бейбастақ оқиғалары болған жоқ. Мұнда тек өзара есеп айырысуға топтасқан жастары 17 мен 20 аралығындағы 20 жас жігіт ұсталды. Ол қалаішілік аудандарда тұратын жасөспірімдердің арасында болған төбелестен шыққан. Осыдан кейін олар өз жақтастарын қатарға қосып, кімнің мықты екенін анықтамақ болған. Алайда, тәртіп сақшыларының уақытылы араласуымен қақтығысқа жол берілмеді.

Ғарыш айлағы милициясы бастығының айтуынша, қазір қалада тыныштық орнаған. Мұнда ресейлік полиция бөлімі қазақстандық полицейлермен бірге әлгіндегідей оқиғаны болдырмау жолдарын қарастырып, алдын алу шараларын жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар