Caravan Logo

Байқоңырдағы жағдай қалыптан ауытқыған жоқ

Байқоңырдағы жағдай қалыптан ауытқыған жоқ

Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағындағы тәртіпке жауап беретін ведомствоның басшысы ахуалды былай баяндады:

Бұқаралық ақпарат құралдарында жазылғандай, Байқоңыр қаласында әлдеқандай қаскөй топтардың жаппай талқандау істеріне кірісіп, өздерін жөнге салмақшы болған құқық қорғау органдары қызметкерлерін соққыға жыққан бейбастақ оқиғалары болған жоқ. Мұнда тек өзара есеп айырысуға топтасқан жастары 17 мен 20 аралығындағы 20 жас жігіт ұсталды. Ол қалаішілік аудандарда тұратын жасөспірімдердің арасында болған төбелестен шыққан. Осыдан кейін олар өз жақтастарын қатарға қосып, кімнің мықты екенін анықтамақ болған. Алайда, тәртіп сақшыларының уақытылы араласуымен қақтығысқа жол берілмеді.

Ғарыш айлағы милициясы бастығының айтуынша, қазір қалада тыныштық орнаған. Мұнда ресейлік полиция бөлімі қазақстандық полицейлермен бірге әлгіндегідей оқиғаны болдырмау жолдарын қарастырып, алдын алу шараларын жүргізіп жатыр.