Байқоңырдағылар кезекті ғарыштық ұшырылымдарға әзірленуде - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдағылар  кезекті ғарыштық ұшырылымдарға әзірленуде

Байқоңырдағылар кезекті ғарыштық ұшырылымдарға әзірленуде

Байқоңыр ғарыш аайлағында кезекті ғарыштық ұшырылымдарға дайындық жұмыстары басталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 26 Сәуiр 2005
  • 330
Фото - Caravan.kz

Федералдық ғарыш орталығының ақпаратына сәйкес, мамыр айының ішінде ғарыш айлағынан үш аппарат ұшырылады. Мәселен, 21-мамырда «Протон» ауыр зымыран тасығышы АҚШ-тың Direct-TV8 байланыс жер серігін алып ұшады. Ол АҚШ-тың құрлықтағы бөлігі мен Аляска және Гавайи аралдарына радио және телехарбарларды таратуға арналған. Телекоммуникациялық жер серігі 92А-50 алаңындағы монтаж-сынақ корпусында ұшырылымға әзірленуде.

27-мамырда РС-20 атты орташа класқа жататын зымыран-тасығышты шахталық ұшыру шарасы жүзеге асырылады. Ол жер орбитасына бірден бірнеше аппаратты шығарады.
Сонымен бірге 31-мамырда орта класты «Союз» зымыран -тасығышы «Фотон» ғарыштық аппаратын алып ұшады. Ол микрогравитация жағдайында ғылыми-технологиялық эксперименттер жүргізуге арналған. Жер серігін дайындау жұмыстары №112 алаңдағы монтаж-сынақ корпусында жүргізіліп жатыр.

Перейти к новостям спорта