Байқоңырдағылар маусымдағы ұшырылымдарға әзірленуде - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдағылар маусымдағы ұшырылымдарға әзірленуде

Байқоңырдағылар маусымдағы ұшырылымдарға әзірленуде

"Байқоңыр" ғарыш айлағындағылар маусым айына межеленген екі ұшырылымға дайындалу үстінде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығынан хабарлады.

  • 8 Маусым 2005
  • 420
Фото - Caravan.kz

Бүгін, 8-маусымда Байқоңырда «Прогресс М-53» жүк тасушы кемесіне зымырандық отын мен сұйытылған газ құйылады. «Прогресс» кемесімен «Союз-У» зымыран тасығышын ұшыру 17-маусымға белгіленген. Ол Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, отын және құрал-жабдықтар жеткізеді.

Сонымен бірге ғарыш айлағында ресейдің «Экспресс-АМЗ» телекоммуникацияқ жер серігін ұшыруға дайындық жүргізілуде. «Вымпел» конструкторлық бюросының мамандары «Байқоңыр» Федералдық ғарыш орталығының инструкторлық тобымен бірлесіп, алаңның монтаж-сынақ корпусында жер серігін тексеріп жатыр.
«ДМ» үдеткіш блогы бар «Протон-К» зымыран тасығышымен «Экспресс-АМЗ» ғарыштық аппаратын ұшыру 23-маусымға межеленген.

Перейти к новостям спорта