Ұшыру резервтік датада жүзеге асырылды — бұған дейін ұшыру сәрсенбіге жоспарланған еді, бірақ ұшыру алаңының жердегі электр жабдықтарының проблемалары салдарынан басқа күнге ауыстырылды.
«Протонды» ұшыру есептік уақыт — жергілікті уақытпен сағат 10:10-да өтті», — деді агенттіктің әңгімелесушісі.
Ғарыш аппаратын Intelsat (АҚШ) спутниктік байланыс операторының тапсырмасымен «Space Systems Loral» (АҚШ) компаниясы дайындады. Салмағы алты тоннадан асатын серіктің С-диапазонындағы 10 оқпаны және Ku-диапазонындағы 72 транспондері бар.
Серіктің геостационарлық орбитаға батыс бойлықтың 95 градус нүктесіне шығарылатыны күтіліп отыр.