Байқоңырдан бүгін Astra-1M ғарыштық аппараты мен "Протон-М" зымыран тасығышы сәтті ұшырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан бүгін Astra-1M ғарыштық аппараты мен "Протон-М" зымыран тасығышы сәтті ұшырылды

Байқоңырдан бүгін Astra-1M ғарыштық аппараты мен "Протон-М" зымыран тасығышы сәтті ұшырылды

Байқоңыр. 6 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырдан бүгін Astra-1M ғарыштық аппараты мен "Протон-М" зымыран тасығышы сәтті ұшырылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 6 Қараша 2008
  • 412
Фото - Caravan.kz

Еуропаның Astra-1M телекоммуникациялық жер серігі «Протон-М» зымыран тасығышымен 2008 жылдың 6-қараша күні Астана уақытымен 02 сағат 44 минутта №200 алаңының ұшырылым кешенінің №39 ұшырылым қондырғысынан қалыпты режимде ұшырылды.

Зымыран тасығыштың бірінші және екінші сатылары ұшу циклограммасына сәйкес дәл уақытында бөлінді. «Протон-М» зымыран тасығышы ғарыштық аппаратты тірек орбитаға шығарды.

Astra-1M жер серігін Еуропаның EADS Astrium концерні SES Astra (Люксембург) компаниясының тапсырысы бойынша жасаған.

Салмағы 6 тоннадан асатын ғарыштық аппарат 36 транспондермен жабдықталған және телекоммуникациялық қызметтер мен телевидение сигналын HDTV форматында жеткізуге арналған. Astra-1M жер серігі геостационар орбитада 15 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар