Ұшырылым Астана уақытымен 3 сағат 10 минутта жүзеге асырылды.
OICETS және INDEX ғарыштық аппараттары Жапонияның ұлттық ғарыш агенттігінің ғылыми-зерттеу сынақтарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл — «Днепр» бағдарламасы бойынша ұшырылған 5-ші зымыран тасығыш. Дүниежүзіндегі ең қуатты құрлықаралық баллистикалық РС-20 зымырандарының негізінде «Днепр» ғарыштық зымыран кешенін жасап пайдалануға бағытталған бұл бағдарлама әлемдегі ең ірі конверсиялық бағдарламаға жатады.
«Днепр» зымыран тасығышының көмегімен 2005-жылдың маусым-қараша айларында Жапонияның OICETS және INDEX ғарыштық аппараттарын ұшыру туралы осы елдің JAXA аэроғарыштық зерттеулер агенттігі мен «Космотрас» Халықаралық ғарыштық корпорациясымен арадағы келісім-шартын Роскосмос 2005-жылдың сәуір айында мақұлдаған.