Жарияланды: 280

Байқоңырдан ғарышқа ұшырулар қаңтарда емес, ақпанда басталады

Келесі жылы ғарышқа алғашқы ұшыру ақпан айында жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды Ресей ғарыш агенттігінен.

Агенттіктің сайтында берілген хабарламаға қарағанда, ақпан айында Байқоңыр ғарышжайынан "Союз-2. 1а" зымыранының көмегімен Globalstar-2 ғарыштық аппараттарының кластерін ұшыру көзделген. Алдында "Интерфакске" ғарыш саласындағы дереккөз Байқоңырдан 2013 жылы бірінші зымыранды қаңтар айында ұшыру көзделді, деп хабарлаған еді. "Қаңтар айының соңында "Протон" зымыраны мен "Бриз-М" айдаушы блогының көмегімен Anik G1 серігін ұшыру көзделген болатын. Орбитаға "Ямал-402" аппаратын шығару кезінде үйлес айдаушы блок қозғалтқыштарының мерзімнен бұрын ажырау себептері анықталғанша ұшыру кейінге қалдырылатын болар", деді ол. Оның айтуынша, келесі жылы қаңтар-ақпан айларында орбитаға ұшырылуы көзделген Жерді барлауға арналған "Ресурс-П" ғарыштық аппаратына да қатысты қиындықтар орын алып отыр. Оның да ұшырылуы кейінге қалдырылуы ықтимал.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін