Байқоңырдан ғарышқа ұшырулар қаңтарда емес, ақпанда басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 509.51
  • 570.6
+32 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан ғарышқа ұшырулар қаңтарда емес, ақпанда басталады

Байқоңырдан ғарышқа ұшырулар қаңтарда емес, ақпанда басталады

Келесі жылы ғарышқа алғашқы ұшыру ақпан айында жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды Ресей ғарыш агенттігінен.

  • 20 Желтоқсан 2012
  • 266
Фото - Caravan.kz

Агенттіктің сайтында берілген хабарламаға қарағанда, ақпан айында Байқоңыр ғарышжайынан «Союз-2. 1а» зымыранының көмегімен Globalstar-2 ғарыштық аппараттарының кластерін ұшыру көзделген.

Алдында «Интерфакске» ғарыш саласындағы дереккөз Байқоңырдан 2013 жылы бірінші зымыранды қаңтар айында ұшыру көзделді, деп хабарлаған еді. «Қаңтар айының соңында «Протон» зымыраны мен «Бриз-М» айдаушы блогының көмегімен Anik G1 серігін ұшыру көзделген болатын. Орбитаға «Ямал-402″ аппаратын шығару кезінде үйлес айдаушы блок қозғалтқыштарының мерзімнен бұрын ажырау себептері анықталғанша ұшыру кейінге қалдырылатын болар», деді ол.
Оның айтуынша, келесі жылы қаңтар-ақпан айларында орбитаға ұшырылуы көзделген Жерді барлауға арналған «Ресурс-П» ғарыштық аппаратына да қатысты қиындықтар орын алып отыр. Оның да ұшырылуы кейінге қалдырылуы ықтимал.