Байқоңырдан Inmarsat-4F3 жер серігі алып "Протон-М" зымыран тасығышы табысты ұшырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан Inmarsat-4F3 жер серігі алып "Протон-М" зымыран тасығышы табысты ұшырылды

Байқоңырдан Inmarsat-4F3 жер серігі алып "Протон-М" зымыран тасығышы табысты ұшырылды

Байқоңыр. 19 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырдан Inmarsat-4F3 жер серігі алып "Протон-М" зымыран тасығышы табысты ұшырылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 19 Тамыз 2008
  • 384
Фото - Caravan.kz

Inmarsat-4F3 жер серігін өзімен бірге алған «Протон-М» зымыран тасығышы 2008 жылғы 19 тамызда Астана уақытымен 4 сағат 43 минутта ұшырылды.

Зымыран тасығыштың бірінші және екінші сатылары ұшу циклограммасының уақытына сай дәлме-дәл бөлінді. Ғарыштық аппарат «Протон-М» зымыран атсығышымен тірек орбитаға шығарылды.

«Бриз-М» үдеткіш блогы мен жер серігінің зымыран тасығыштың үшінші сатысынан бөлінуі қалыпты режимде жүзеге асырылды.

Inmarsat 4F3 ғарыштық аппараты есепті уақытта геостационар орбитаға шығарылды.

Салмағы 6 тонналық Inmarsat 4F3 ғарыштық аппаратын EADS Astrium концерні EUROSTAR 3000 платформасының негізінде Ұялы жер серігі байланысының ғаламдық ірі халықаралық операторы Inmarsat тапсырысымен жасаған. Inmarsat 4F3 ғарыштық аппараты Жер аумағының 85%-ын қамтитын ғаламдық жер серіктерінің тобына қосылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар