Байқоңырдан Халықаралық ғарыш станциясына баратын экспедицияның экипажын жеткізетін "Союз-ТМА-6" ғарыш кемесі ұшырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан Халықаралық ғарыш станциясына баратын экспедицияның экипажын жеткізетін "Союз-ТМА-6" ғарыш кемесі ұшырылды

Байқоңырдан Халықаралық ғарыш станциясына баратын экспедицияның экипажын жеткізетін "Союз-ТМА-6" ғарыш кемесі ұшырылды

Бүгін, 15-сәуірде Астана уақыты бойынша 6 сағат 46 минутта Байқоңырдан Халықаралық ғарыш станциясына баратын 11- экспедицияның экипажы бар "Союз-ТМА-6" ғарыш кемесі ұшырылды. Ғарыш кемесін жер орбитасына "Союз-ФГ" зымыран тасығышы алып шығады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Сәуiр 2005
  • 478
Фото - Caravan.kz

ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлауынша, ғарыш кемесін ұшыру қалыпты жағдайда жүзеге асырылған.

Зымыран тасығышты ұшыруға байланысты қандай да бір қауіп-қатер мен залал-зардапты жою мақсатымен 15-сәуір күнгі 4 сағат 46 минуттан 7 сағат 46 минутқа дейін Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының апаттан құтқару күштері мен құралдары жоғары дайындық жағдайына келтірілді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, экипаж командирі әрі Халықаралық ғарыш станциясына баратын 11 -экспедицияның командирі — Ресейлік ғарышкер Сергей Крикалев болып табылады. Сондай-ақ экипаж құрамында АҚШ астронавты Джон Филлипс пен Еуропалық астронавт, Италия азаматы Роберто Виттори бар.

Перейти к новостям спорта