Байқоңырдан Халықаралық ғарыш стансасына кезекті экипаж аттанды
Бүгін түнде Астана уақыты бойынша 02 сағат 12 минут 45 секундта «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш стансасына кезекті ғарыш экспедициясы аттанды. |
Экипаж құрамына кіргендер: кеме командирі, ресейлік ғарышкер Сергей Волков, бортинженерлер - американдық астронавт Майкл Фоссум және жапон астронавты Сатоши Фурукава.
Ұшу сапарларын басқару орталығынан хабарлағандай, сағат 02.21-де, зымырантасымалдағыштың үшінші сатысы штаттық режимде ажырағаннан кейін ғарыш кемесі есептелген орбитаға шықты.
«Ресейғарыш» агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Союз ТМА-02М» ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасымен 10 маусым күні мәскеу уақыты бойынша 01.22-де түйіседі. Стансада қазір жұмыс істеп жатқан ресейлік ғарышкерлер Андрей Борисенко мен Александр Самокутяев және американдық астронавт Рональд Гаран жаңа экипажды қарсы алуға әзірленуде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін