Байқоңырдан Халықаралық ғарыш стансасына кезекті экипаж аттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан Халықаралық ғарыш стансасына кезекті экипаж аттанды

Байқоңырдан Халықаралық ғарыш стансасына кезекті экипаж аттанды

Бүгін түнде Астана уақыты бойынша 02 сағат 12 минут 45 секундта «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш стансасына кезекті ғарыш экспедициясы аттанды.

  • 8 Маусым 2011
  • 317
Фото - Caravan.kz

Экипаж құрамына кіргендер: кеме командирі, ресейлік ғарышкер Сергей Волков, бортинженерлер — американдық астронавт Майкл Фоссум және жапон астронавты Сатоши Фурукава.

Ұшу сапарларын басқару орталығынан хабарлағандай, сағат 02.21-де, зымырантасымалдағыштың үшінші сатысы штаттық режимде ажырағаннан кейін ғарыш кемесі есептелген орбитаға шықты.

«Ресейғарыш» агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Союз ТМА-02М» ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасымен 10 маусым күні мәскеу уақыты бойынша 01.22-де түйіседі. Стансада қазір жұмыс істеп жатқан ресейлік ғарышкерлер Андрей Борисенко мен Александр Самокутяев және американдық астронавт Рональд Гаран жаңа экипажды қарсы алуға әзірленуде.

Соңғы жаңалықтар