Жарияланды: 450

Байқоңырдан Люксембургтің Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін ұшыру мерзімі 6 қарашаға дейін кейінге шегерілді

Байқоңыр. 28 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырдан Люксембургтің Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін ұшыру мерзімі 6 қарашаға дейін кейінге шегерілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Еуропаның Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін "Протон-М" зымыран тасығышымен 2008 жылдың 6-қараша күні Астана уақытымен 02 сағат 44 минутта ұшыру жоспарланған. Бұған дейін ұшырылым екі мәрте кейінге шегерілді. Astra-1M жер серігін Еуропаның EADS Astrium концерні SES Astra (Люксембург) компаниясының тапсырысы бойынша жасаған. Салмағы 6 тоннадан асатын ғарыштық аппарат 36 транспондермен жабдықталған және телекоммуникациялық қызметтер мен телевидение сигналын HDTV форматында жеткізуге арналған. Astra-1M жер серігі геостационар орбитада 15 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін