Байқоңырдан Малазияның Measat-1R жер серігін ұшыру мерзімі 2008 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қаңтарына аралығына дейін шегерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан Малазияның Measat-1R жер серігін ұшыру мерзімі 2008 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қаңтарына аралығына дейін шегерілді

Байқоңырдан Малазияның Measat-1R жер серігін ұшыру мерзімі 2008 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қаңтарына аралығына дейін шегерілді

Байқоңыр. 8 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырдан Малазияның Measat-1R жер серігін ұшыру мерзімі 2008 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қаңтарына аралығына дейін шегерілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Новости космонавтики"журналының ақпаратына сілтеме жасап.

  • 8 Қыркүйек 2008
  • 387
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Байқоңырда 9 тамызда Малайзияның Measat-1R телекоммуникациялық жер серігіне ақау келді.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, №42 алаңның монтаж-сынақ корпусында дайындық жұмыстары кезінде шығыранның ілмегі Measat-1R жер серігінің антеннасын зақымдап кеткен.

Measat-1R аппаратын АҚШ-тың Orbital Sciences Corporation (OSC) компаниясы Малайзияның байланыс операторы — Measat Satellite Systems тапсырысымен шағын геостационарлық жер серіктеріне арналған Star платформасының негізінде жасап шығарған. Ол Малайзия және Индонезия секілді Оңтүстік Азия елдеріне үлкен айқындықтағы телевидение сигналын таратуға және байланыс қызметін көрсетуге арналған.

Естеріңізге сала кетсек, Measat-1R ғарыш аппаратын тиеген «Зенит-3SLБ» зымыран тасығышы №45 алаңның ұшыру кешенінен 22 тамызда 2 сағат 21 минутта ұшады деп жоспарланған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар