Байқоңырдан Малазияның Measat-1R жер серігін ұшыру мерзімі белгісіз уақытқа кейінге шегерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан Малазияның Measat-1R жер серігін ұшыру мерзімі белгісіз уақытқа кейінге шегерілді

Байқоңырдан Малазияның Measat-1R жер серігін ұшыру мерзімі белгісіз уақытқа кейінге шегерілді

Байқоңыр. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырдан Малазияның Measat-1R жер серігін ұшыру мерзімі белгісіз уақытқа кейінге шегерілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 11 Тамыз 2008
  • 558
Фото - Caravan.kz

Ақпарат көзінің хабарлауынша, Measat-1R ғарыштық аппаратына ақау келу себептерін тексеру жөніндегі арнаулы комиссия жер серігін жасаушы АҚШ-тың Orbital Sciences Corporation компаниясына қайта жіберіп, ақаудың сипаты мен дәрежесін, оны жою жолдарын анықтауға шешім қабылдады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Байқоңырда Малайзияның Measat-1R телекоммуникациялық жер серігіне ақау келді.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, 9 тамызда №42 алаңның монтаж-сынақ корпусында дайындық жұмыстары кезінде шығыранның ілмегі Measat-1R жер серігінің антеннасын зақымдап кеткен.

Measat-1R аппаратын АҚШ-тың Orbital Sciences Corporation (OSC) компаниясы Малайзияның байланыс операторы — Measat Satellite Systems тапсырысымен шағын геостационарлық жер серіктеріне арналған Star платформасының негізінде жасап шығарған. Ол Малайзия және Индонезия секілді Оңтүстік Азия елдеріне үлкен айқындықтағы телевидение сигналын таратуға және байланыс қызметін көрсетуге арналған.

Естеріңізге сала кетсек, Measat-1R ғарыш аппаратын тиеген «Зенит-3SLБ» зымыран тасығышы №45 алаңның ұшыру кешенінен 22 тамызда 2 сағат 21 минутта ұшады деп жоспарланған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар