Мекеме ақпаратына сәйкес, зымыран 12-желтоқсанда Астана уақытымен 5 сағат 29 минутта Байқоңыр ғарыш айлағының 200-алаңынан ұшырылды.
ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлауынша, ғарыш кемесін ұшыру қалыпты жағдайда жүзеге асырылған.
Зымыран тасығышты ұшыруға байланысты қандай да бір қауіп-қатер мен залал-зардапты жою мақсатымен 12-желтоқсан күнгі 3 сағат 29 минуттан 6 сағат 29 минутқа дейін Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының апаттан құтқару күштері мен құралдары жоғары дайындық жағдайына келтірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті