Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінен хабарлағанындай, зымыран қалыпты жағдайда ұшырылды.
Аппаратты ұшыруға байланысты қандай да бір қауіп-қатер мен залал-зардапты жою мақсатымен 3 сағат 9 минуттан 6 сағат 9 минутқа дейін Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының апаттан құтқару күштері мен құралдары жоғары дайындық жағдайына келтірілді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Прогресс М-53» ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, отын және жабдықтар жеткізеді.